Бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грант аясындағы алаяқтық әрекеттер
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттарға байланысты әртүрлі жалған ақпараттар таралуда. Биылғы жылы грант беру процесі электронды түрде өтетіндігі жөнінде және жалпы оқу процесі туралы толық ақпараттың газет беттеріне, әлеуметтік желіде жарияланғанына қарамастан, кейбір аудан тұрғындары алаяқтардың «Тесттен өтіп, сертификат алып беремін 100%» деген сияқты жалған уәделеріне сеніп қалтасынан қағылып жатқаны байқалуда. Осы жағдайларды ескере отырып, азаматтарға айтарымыз, өз құжаттарыңызға абай болыңыздар және шынайы бизнес ашамын деген ниетіңізге орай әрекет етіңіз. Оқу сайтында өз логин пароліңізді ашып, оқу тесттерінен өз біліміңізді пайдалана отырып өтіңіз және жоспарыңыз анық болсын. Егер өз ісіңізге қызығушылық танытып, жұмыспен қамту орталығының мамандары көрсеткен бағыттарды пайдалана отырып, бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік грант конкурсына қатысып, бизнес-жоспарыңыздың тиімділігін дәлелдей алсаңыз, грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз бар.
(с) Шардара аудандық жұмыспен қамту орталығы
Ескерту
Егер Сіз алаяқтардың құрығына ілігіп, алданып қалсаңыз, дереу құқық қорғау органына немесе (1424) адалдық алаңына жүгіну қажет екенін ескертеміз!
Бұл курс не туралы?
Оқу бағдарламасының негізі 12 модуль болып табылады, олар салық салу режимдері, заңнама, маркетинг негіздері, бизнесті ашу үшін ең қажетті бағыттар туралы білім алуды көздейді.
Оқу процесі сіздің жеке жұмысыңызға және оқу процесіне толық қатысуға, тесттерді орындауға арналған. Аралық тестілеу әрбір модульден кейінгі оқыту нәтижелері бойынша жүргізіледі. Келесі модульге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70 (жетпіс) пайыз оң жауап алу қажет. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмеген.
Қорытынды тестілеу оқу аяқталғаннан кейін өткізіледі, қорытынды тестілеу бойынша қажетті балл санын жинаған оқуға қатысушыға (жалпы санынан 70%) сертификат беріледі. Қайта қорытынды тестілеуге оқу процесі барысында екі реттен артық жол берілмейді.
Барлық оқыту материалдары: бейнесабақтар, конспектілер, презентациялық материалдар, аралық және қорытынды тестілеу – оқыту үдерісінің элементтері.
Оқудың толық курсы күнтізбелік 14 күннен аспайды. Оқуды өз еркімен тоқтатқан немесе қорытынды тестілеуден өтпеген қатысушы күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) реттен көп емес оқуға қайта қатысады. Курсты қайта өту үшін қатысушы қайта тіркелуі керек.