Биыл ұсақ бұзақылық жасаған 11 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды
Астана полицейлері қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды және вандализм актілерін анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың басынан бері елордалық полицейлер 251 адамды бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін жауапқа тартты. Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін жауапкершілік туралы еске салады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін “102” арнасына хабарласуыңызды сұраймыз. Қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырамыз және вандализм актілері үшін жауапкершілікті қатаңдатуды еске саламыз. Жыл басынан бері елордада ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 11 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін 126 бұзушыға айыппұл салынды. Мысалы, 35 жастағы астаналық біреудің мүлкіне қасақана зақым келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жауапқа тартыла отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бұған дейін ер адам Достық көшесіндегі тұрақта тұрған ВАЗ 2172 автокөлігінің айналарын және фараларын сындырып, өз әрекеттерімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген. Сонымен қатар 30 жастағы ер адам Төле би көшесінде үйдің қабырғасын балғамен соғып, үйдің қасбетін әдейі сындырып, зақым келтірген, осылайша ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Құқық бұзушы ұсталды және жауапқа тартылды. Полицейлер қоғамға айқын құрметсіздік білдіретін, бөтеннің мүлкін жоюмен, бүлдірумен не айрықша цинизммен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасатын қоғамдық тәртіпті аса батыл бұзу ҚР ҚК-нік 293-бабы (“Бұзақылық”) бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын еске салды. Бұл қылмыс екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін екі мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/biyl-astanada-usaq-buzaqylyq-zhasaghan-11-myngnan-astam-azamat-zhauapqa-tartyldy/