“Бірлік” секторында электр қуатының төмендігі бойынша 6 шағым түскен болатын, мәселе оң шешімін тапты

Алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен кезекті кездесуін “Бірлік” секторында жалғастырды.

Жыл басынан бері бұл секторда 3 рет кездесу өтіп, 93 мәселе көтерілген болатын.

Оның:

– 46 – орындалды (12 инфрақұрылым, 25 жол мәселесі, 4 қоғамдық көлік, 3 электр жарығы және 2 әлеуметтік сала);

– 9 мәселе бойынша жұмыстар жоспарлы жүргізілуде;

– 14 мәселенің заңдылығы түсіндірілді.

Кездесулерде “Бірлік” секторында электр қуатының төмендігі бойынша 6 шағым түскен болатын. Нәтижесінде Арнасайға – 3 дана, Ару ана аймағына 1 дана, 8-көшеге 1 дана трансформатор орнатылды.

Сонымен қатар жаңадан қоныстанған аумақтарға ауыз су жүргізу мақсатында жаңа жоба іске асырылуда.

“Бірлік” секторында 167,3 шқ. құрайтын 164 көше болса (оның ішінде 17 көше асфальт жол, 130 көше тас жол, 17 көше топырақ жол), ағымдағы жылы 16,5 шқ.құрайтын 26 көшеге тас төселді, 16,7 шқ. құрайтын 11 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.

Сондай-ақ, 3,4 шқ құрайтын 3 көшені орташа жөндеуден өткізу көзделуде.

Оған қоса , “Бірлік” тұрғын алабына қарасты қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге 8 дана аялдама орнату жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндаған шаһар басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Көтерілген мәселелер зерделеніп, заңға сәйкес, жоспарлы, кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ