Бір мыңнан астам қазақстандық шетел түрмелерінде отыр

 Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат отырысында шетелде істі болып, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға бюджеттен ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда шетелде 1077 адам шетелде жазаларын өтеп жатыр. Айтылған келісімнің негізгі талабы – біздің азаматтарымыздың өз келісімін беруі қарастырылған. Қазіргі сондай 77 өтініш бар, біз оларды қарастырып жатырмыз. Бұл шамамен 10%-ды құрайды. Азаматтарымыздың ең көп бөлігі – РФ мен ТМД елдерінде, – деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары.

Айтуынша, шетелде сотталғандарды елге жеткізу үшін қазынадан қаржы қарастырылған.

Еске салайық, Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Кипр арасында сотталған адамдарды беруді көздейтін заң мақұлданды. Келісімге сәйкес, сотталған адамда екі тараптың біреуінің азаматтығы болуы және сотталуына себеп болған әрекет үкімді орындау тарапының заңнамасына сәйкес қылмыс деп танылуға тиіс.

Келісімге наурыз айында Кипрдің СІМ басшысының Астанаға сапары барысында қол қойылған.

ПІКІР ЖАЗУ