Білім саласындағы жемқорлық: 302 қылмыстық іс тіркелді

Бюджетті жоспарлау және игеру кезеңдерінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан қаражат жымқырудың жүйелі фактілері ашылды. Бұл туралы Антикорда білім және ғылым саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында өткен жиында айтылды.

Кеңеске бейнеконференция байланысы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелері, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, ЖОО ректорлары, әкімдіктер бөлімшелерінің 10 мыңнан астам лауазымды тұлғалары, мектеп директорлары, бухгалтерлер және бүкіл ел бойынша білім беру саласының басқа да қызметкерлері қосылды.

Тек соңғы үш жылда бұл салаларға 12,3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыртқы талдау көрсеткендей, бөлінген қаражат әрқашан мақсатына сай пайдаланылмай келген. 2023 жылдан бастап 302 қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша залал 17 млрд теңгеден асты. Қазірдің өзінде 230 адам сотталды, 100-ден астам іс сотта қаралуда. 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Антикордың хабарлауынша, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтарды бақылау және алдын алу тетіктерінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің бытыраңқылығының болмауына байланысты көптеген фактілер мүмкін болды.Бұл төлем құжаттарын бұрмалауға, «өлі жандарға» төлем жасауға, жалақы мен үстемеақыларды көтеруге мүмкіндік берді.Агенттік енгізген ұсынымдар бойынша бүгінде осындай фактілерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар Антикордың бастамасы бойынша бухгалтерлік жүйелер, тәуекелдерді басқару жүйелері, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджет қаражатын жоспарлау және өтінімдерді қалыптастыру бойынша бұлтты цифрлық шешімдер, қазынашылық органдарында салыстыру және негізсіз төлемдерді бұғаттау үшін бірыңғай техникалық талаптар енгізіледі.

Еске салсақ, бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп, бірқатар тапсырма берді.

 

ПІКІР ЖАЗУ