Білгеніңіз абзал

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 15 сәуіріндеі ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне “Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасына қол қойған болатын. Аталған Заң 16 маусымда күшіне енді.

Аталған Заң Жобасы:

-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуға;

-отбасы институтын нығайтуға;

-суицидтің алдын алуға;

-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа Заңның ерекшеліктері

Тұрмыстық құқық бұзушылықтар шақыртумен және полиция қызметкерлерінің анықтауымен, басқа да куәгерлердің хабарламасы арқылы тіркеледі. Әйелдерге немесе балаларға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілік әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке өзгерді.

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ

ПІКІР ЖАЗУ