Биатлоннан қысқы жастар Олимпиадасына баратын Ұлттық құрама анықталды
Щучинск қаласында аяқталған биатлоннан ҚР Кубогінің 2-кезеңнің қорытындысы бойынша IV қысқы жастар Олимпиадасында ел намысын қорғайтын Ұлттық құрама белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Олимпиадаға жолдаманы ұлдар арасында Ілияс Хасенов, Кирилл Зотов, Антон Редькин, ал қыздар арасында Алема Карабаева, Мария Воробьева мен Эвелина Рыбалкина иеленді.
IV қысқы жастар Олимпиадасы Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Ойындарға 70 мемлекеттен жиналған 1800 спортшы қатысады.