Бес аудан бойынша қар тазалаудың ситуациялық сызбасы әзірленген
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтау барысында Әл-Фараби, Тұран ауданы және Еңбекші ауданы аумағындағы жауапты мекемелердің базасын аралап, олардың техникалық қызметіндегі сапасын қадағалады.
Әл-Фараби ауданына қарасты «Таза өлке» ЖШС-інің базасында қазір 66 қар күреу техникалары іске жарап тұр. Аталған аудан бойынша қар тазалау жұмыстары 5 бағытқа бөлінген.
Ал Тұран ауданы бойынша тазалау жұмыстары 4 бағытта атқарылады. Сонымен қатар мұнда 68 арнайы техника дайындалған, жауапты мердігер мекеме «ШымкентСпецКомплек» ЖШС-і мамандары болса, Еңбекші ауданына жауапты «Группа Интекс» ЖШС-і.
Сонымен қысқы маусымдағы тазалау жұмыстары бойынша қалада 450-ге жуық көлік техникасы жұмылдырылады. Айта кетейік, қысқы кезеңге дайындық жұмыстары бойынша бес ауданда ситуациялық сызба әзірленген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі