Берешектерді өндіру және салық түсімдерін үлғайту мәселесі талқыланды

 

Төлеби аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуратурасы мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Берешектерді өндіру және салық түсімдерін ұлғайту» туралы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, қала, ауылдық округ әкімдері, жеке сот орындаушылары, аудандық полиция бөлімі, салық мамандары, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қатысты.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сұлтанбек Ердіқалықов баяндама жасады.

Жиын барысында Ленгір қаласы, ауылдық округ әкімдерімен Салық Кодексінің 21 және 22 баптарының талаптары, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушылармен Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 39-бабының талаптарының сақталмағаны талқыланып, аталған мәселені шешу бағытында жұмыстар жүргізу қажеттілігі айтылды.

Мәжіліс қорытындысымен хаттамалық шешім қабылданып, салық берешектерін өндіру мақсатында нақты тапсырмалар беріліп, заңдылықты бұзушылықтарды және оларға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілік мәселесін шешу мақсатында аудан әкіміне ұсыныс енгізілді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ