Бекзаттықтардың тілегі қалай орындалуда?

  Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Бекзат” секторында өткізген жоспарлы кездесуінде 26 тапсырма беріліп,қадағалауға алынған болатын. Қазіргі таңда нақты 5-і орындалып аяқталды, 13 тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы бақылануда. Қалған тапсырмалар сараланып, тұрғындарға мәселенің заңдылығы түсіндірілді.Бекзат секторында қала басшысының тапсырмасына сәйкес Қ. Қазақбаев көшесіне өндірістік кестеге сай канализация жүргізу жүзеге асырылуда, бақылау күшейтілді.

  Балтакөл тас жолы бойындағы аллеяда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.Т. Бәйтерекұлы көшесі мен Жәңгірхан көшесі, Қ.Қазақбаев көшесі бойындағы балалар ойын алаңшалары қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда аталған сектордың 40 көшесіне жарықшам орнатылған. 20 көше асфальтты, 80 көшеге тас төселген. Тұрғын алап толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілген.

  На плановой встрече акима города с жителями в секторе “Бекзат” было дано 26 поручений.  В настоящее время из них выполнено 5 вопросов, 13 поручений находятся под контролем. По остальным поручениям жителям разъяснили законность вопросов.В соответствии с поручением главы города в секторе осуществляется проведение производственной канализации по улице К. Казахбаева сектора.

На аллее вдоль шоссе Балтаколь начался капитальный ремонт. Ведутся восстановительные работы детских игровых площадок по ул. Т. Байтерекулы и ул. Жангирхана, ул. К. Казахбаева.В настоящее время на 40 улицах данного сектора установлены ночные фонари. 20 улиц асфальтированы, 80 улиц вымощены камнем. Жилой массив полностью обеспечен природным газом.

Дереккөз: Түркістан қаласының әкімдігі

ПІКІР ЖАЗУ