Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтарСпорт

Бейжіңде олимпиадаға келгендер арасында 39 адамнан covid-19 табылды

«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті қысқы Олимпиада ойындарына келгендер арасынан 39 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің құжатына сәйкес, 4-22 қаңтар аралығында Қытайға 2586 делегация мүшесі, соның ішінде 171 спортшы мен ресми тұлға, сондай-ақ 2415 мүдделі тарап өкілі келген. Тестілеу нәтижесінде басқа мүдделі тарап арасында 39 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Атлеттер мен ресми тұлғалар арасында ешкім ауырмаған.
Жексенбі күні Бейжіңдегі ойындардың Олимпиада қалашығы алғашқы шетелдік спорт делегацияларын қабылдауды бастады, соның ішінде – АҚШ, Аустралия, Канада, Финляндия және басқа елдер бар. Олимпиада қалашықтарының ресми ашылуы 27 қаңтарда өтеді. XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурыз аралығында өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстаннан Қытайға тарту: 1500 киік көршімізге қашан жіберілетіні белгілі болды

admin

Шымкентте 3 жылда 472 көше жарықтандырылды

admin

Қостанайда базардан сәбидің мәйіті табылды

admin