Бастауыш партия ұйымдары-партиялық жобалардың негізін құраушы
Партияның басты тірегі – Бастауыш партия ұйымдары екені белгілі. Олар партиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. «AMANAT” партиясы Шардара аудандық филиалында бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерінің басын қосқан жиын болып өтті. Аудандық филиалда өткен шараға Шардара қаласындағы және қалаға жақын орналасқан аймақтардан 6 бастауыш партия ұйымы жетекшілері болды. Қалған орталықтан шалғайда орналасқан елді мекендердегі 9 БПҰ жетекшілері онлайн режимде қатысып отырды.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған партияның аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет облыстық филиалда өткен кәсіби біліктілікті арттыруға арналған семинардың басты тақырыбына, ондағы айтылған мәселлерге тоқталды. Облыстық семинарда өңірлік филиал төрағасы А.Үмбеталиевтің,«AMANAT» партиясы ел аманатын арқалай отырып, жаңару мен жаңғырудың алдыңғы қатарында қызмет атқаруға бет алғанын атап өтті. Облыстық партияның төрағасы «Жаңа саяси мәдениетке сай іргелі қадам жасауда, өз ішіндегі жұмыс сипаты мен тәсілдерін жетілдіруге құлшына кірісті. Партия еліміздің жаңа толқындағы Партиялық қызметті ұйымдастырудың тиімді тетіктері қарастырылғанын,партиялық жұмысты жаңа мазмұнда ілгерілетуде ішкі ережелер мен бағдарлы нұсқаулықтар жетілдірілді»,-деп атап өтті, деді Ережеп Құдайбергенұлы.
Қабылданған өзгерістер бойынша практикалық ұсынымдар беруді мақсат тұтқан жиында партияның облыстық филиалы ұйымдастыру, бақылау жұмыстары бөлімінің консультанты Жанкелді Дүйсенбаев партияның негізгі әлеуеті – қатардағы мүшелерімен бағдарланған жұмыс жүргізудің қолданыстағы тәртібін түсіндіріп өткендігі жеткізілді. Сонымен қатар жиында партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі туралы баяндалып, партия мүшелерін есепке алудың әдістері жөнінде мағлұмат берілді. Партияның ішкі құжаттарын рәсімдеу мен жүргізу және жарғылық талаптары түсіндірілді.
Қоғамға пайдалы бастамаларды көтеріп, халықтың сұранысына жауап беретін, тиімді шешімдер ұсына білетін мәртебесін көтеру, соған сай қызмет ету –
Сонымен бірге, филиал төрағасы бастауыш партия ұйымы жетекшілеріне партияның негізгі күші саналатын ұйымдарға үлкен сенім артылғанын атап өтіп, партия беделін көтеруге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Жиынды қорытындылаған аудандық филиал төрағасы БПҰ жетекшілеріне облыстық семинарда берілген нұсқамаларды басшылыққа ала отырып,нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.
«AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызм