Басшы орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакировтың 2024 жылдың 8 қазаны № 03-8755ПР санды өкімімен Азим Бауыржан Абубакирұлы Сот Әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Департамент басшысының орынбасарын сот корпусы мен сот қызметкерлеріне Түркістан облыстық сотының төрағасы А.Сұлтанов пен Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы А.Апбас бейнебайланыс қолдану арқылы таныстырды.

А.Сұлтанов пен А.Апбас Б.Азимнің жаңа қызметіне жетістіктер тілей отырып, өзіне жүктелген міндеттерін адал атқаруға, басшылық тарапынан жүктелген сенімді ақтау жөнінде тілек білдірді.

Судьялар корпусы мен сот қызметкерлері тілектерге қосылды.

Азим Бауыржан Абубакирұлы 1995 жылы 02 ақпан ОҚО, Шардара ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Халықаралық гуманитарлық- техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын ОҚО Шардара аудандық сотының бас маман – сот отырысынң хатшысынан бастап, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс жүргізу жөніндегі инспекторы, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының сот приставы, Шымкент қаласы Сот әкімшісінің бас маманы, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының кеңсе меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімінің бас консультанты, ҚР Сот әкімшілігі Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі Үйлестіру және бақылау секторының бас консультанты қызметтерін атқарған.

ПІКІР ЖАЗУ