Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бас прокурор: Кәрім Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мәжіліс отырысында Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурор ҰҚК-нің бұрынғы басшысы мен оның үш орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Олар қамауға алынды. Бағасын әділет органдары береді. Бұл қылмыс үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 17 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.  

Ол сондай-ақ тергеу әлі жалғасып жатқанын айтты.

8 қаңтарда Кәрім Мәсімов ұсталды — ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағандыда 1 мамырдан бастап жолақы 100 теңге болады

admin

Түркістан облысында адам саудасына қарсы акция өтті

admin

Мадина Аман-әлем чемпионатының қола жүлдегері

admin