Бас муфти Арыста орналасқан оңалту орталығына оң бағасын берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы Арыс қаласына жасаған сапарында «Тең қоғам» оңалту орталығына барды.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова әлеуметтік орталықтың тыныс тіршілігін, осында келетін ерекше балалардың шығармашылығымен таныстырды.

Өз кезегінде, Бас муфти Арыс қаласында ерекше күтімді қажет ететін балалар мен ардагерлерге жасалынған әлеуметтік қамқорлыққа жоғары баға берді. Ерекше балаларға сый-сияпатын табыстап, игі ниетін жеткізді.

Айта кетейік,  «Тең қоғам» оңалту орталығында айрықша көңіл бөлуді қажет ететін жеткіншектер невропотолог, психолог, логопед, педиатр, дефектолог мамандардың жіті бақылауында болады. Бір ерекшелігі, әр баланы оңалту мен дамытуға арналған жеке даму жоспары әзірленіп, оларға сол бағдарлама бойынша көмек көрсетіледі. Оған қоса психологиялық-педагогикалық көмек, массаж бен физиотерапия кабинеті, музыка, өнер және ойын-сауықтыру қызметтері де қамтылған.

ПІКІР ЖАЗУ