Барымташылардың қылмыстық тобы құрықталды

Абай облысында мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ-ін өткізу барысында Бородулиха ауданында еркін жайылымнан кезекті рет мал ұрламақ болған барымташылар тобын әшкереледі. Осы жылдың маусым айынан бастап олар 45-тен астам мал басын ұрлаған. Барлық жағдайда қаскөйлер қылмыстық әрекеттерін малдарды өз көліктерінің жүксалғышына тиеп алу арқылы іске асырып отырған. Полицейлер ұрланған 5 қойды қылмыстық топтан Семей қаласына кірген кезде тәркілеп алды. Жалпы шығын 2 500 000 млн теңгеден асады.

– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/abaj-oblysynda-barymtashylardyng-qylmystyq-toby-quryqtaldy/

ПІКІР ЖАЗУ