Балық шаруашылығы дамып келеді

Төлеби ауданының экономикасы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бірден бір себеп бизнес болса, оның тұрақты көзі болатын саланың бірі – балық шаруашылығы. Ауданның климаттық жағдайы мен су қоры жеткілікті болуына байланысты шаруашылықтың бұл түріне ден қойғандар саны артып келеді.

Соның бірі, Көксәйек ауылдық округіндегі «Сақ» демалыс аймағы 3 га аумақты алып жатыр. Аймақ балық шаруашылығын қолға алып, бұл мақсатта карп, форель тұқымдасты балық өсіруде. Шаруашылықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 100 мың көлемінде орта жалақы табыс табуда. Бүгінгі күні аудан аумағында балық өсіру мен оны аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар. Тауарлы балықты өсіру және өсімін молайтушылар үшін мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, жеңілетілген несиелер берілуде.

«Сақ» демалыс аймағы 3 бассейнде 10 мыңнан астам балық өсіруде. Аймаққа келіп дем алушылар өздері балық аулап, одан ас дайындауына мүмкіндіктер қарастырылған. Сондықтан болар, тұтынушылар өздері аулаған балықтарын қуырып жеп, табиғат аясында тынығу үшін арнайы келеді. Демалыс орталығында киіз үй, сақ моншасы да қызмет көрсетеді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ