Балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ қауіпсіздігі үшін ата-аналары жауапты

14.10.2024жылы Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты және кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына сәйкес

 

 

  • Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу;
  • Мектеп формасы мен ішкі тәртіп ережесін сақтау;
  • Оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы 60 сағаттан асқан жағдайда салынатын (18000тг) айыппұл;
  • Түнгі 22:00 ден кейін оқушылардың қоғамдық орындарда жүруі;
  • Мопед, самокат айдау мәселелері және т.б. қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмауға немесе құқықтық жауапкершіліктерге тартылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәрістер оқылып, түсіндірме жұмыстарына сәйкес бейне роликтер көрсетіліп, аталған білім беру ұйымының оқушыларынан ашық сұхбаттар жүргізіліп, кері байланыс жасалды.

Түсіндірме жұмыстарын Созақ АПБ-нің ЖПҚ(б) ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Өскен Еркебұлан Бақтиярұлы жүргізді.

ЕСКЕРТПЕ: Құрметті ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері – балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ қауіпсіздігі үшін жауапты екендеріңізді еске саламыз!

 

ПІКІР ЖАЗУ