Балалар жәрдемақысы өседі
2022 жылы айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы да артады. Жөргекпұл сомасы баланың кезегіне байланысты өсіп отырады:бірінші, екінші, үшінші балаға – 116 394 теңге (38 АЕК), 2021 жылы 110 846 теңге болды;төртінші және одан кейінгі балаларға – 192 969 теңге, 2021 жылы 183 771 теңге болды. Егіз не үшем, төртем болса, мемлекеттік жәрдемақы әр балаға жеке-жеке есептеледі.Жүктілік пен босану бойынша табысынан айырылған жұмыс істейтін әйелдерге берілетін біржолғы әлеуметтік төлем 1 587 600 теңге болады. 2021 жылы 1 224 550 теңге болды.Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы 2022 жылы көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы оның мөлшері: 4 балаға – 49 100 теңге (16,03 АЕК); 5 балаға – 61 382 теңге (20,04 АЕК); 6 балаға – 73 665 теңге (24,05 АЕК ); 7 балаға – 85 948 теңге (28,06 АЕК).«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 19 603 теңге (6,4 АЕК) болады.