Балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу бойынша рейд өткізілді
Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ведомствоаралық мобильдік топтың құрамында балалар еңбегі саласындағы бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдке қатысты. Сондай-ақ ювеналды полицейлер Береке шағын ауданында халықпен кездесіп, жиынға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу – қалалық және облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында. Күндіз де, түнгі уақытта да профилактикалық тексерулер тұрақты ұйымдастырылады. Кезекті рейд облыс орталығындағы Қазақстан Конституциясы көшесінде өткізілді. Рейдтік топ кәмелетке толмағандардың еңбек жағдайларын және балалар еңбегін пайдаланудың ықтимал бұзушылықтарын тексеру барысында тәтті кәмпиттерді сату нүктелері, балалар электрлі көлігін жалға беру орындары тексерілді. Барлық тіркелген ақпарат жүйеленіп, қажетті шараларды уақытылы қабылдау үшін назарға алынды.
– Сондай-ақ ювеналды полицейлер Байболов көшесіндегі көппәтерлі үйлердің ауласында тұрғындармен жиынға қатысты. Бұған дейін қалалық полиция басқармасына жастардың түнгі серуендеуіне, сондай-ақ күндіз ауладағы жасөспірімдердің былапыт мінез-құлқына шағымдар түскен. Полиция қызметкерлері профилактикалық әңгімелер өткізіп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндірді. Жадынамалар таратылып, балалар мен жасөспірімдерді жарақаттанудан қорғау шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар қала тұрғындарына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы тәрбиелеу және білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді, – дейді Петропавл қалалық ювеналды полиция бөлімшесі бастығының м.а. Динара Мұқанова.
Облыстың барлық ауданында осындай жұмыстар жүргізілді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/petropavlda-balalar-engbegin-pajdalanudyng-aldyn-alu-bojynsha-rejd-otkizildi/