Бәйдібектік ұстаз ел президентінен марапат алды

Астанада республикалық педагогтер съезі өтті. Маңызды жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамыту, ұрпақ тәрбиесі, ұстаздардың деңгейін көтеру, қолдауды күшейту және осы саладағы өзге де мәселелерді қозғады. Мазмұнды баяндама жасап, барша ұстазды мерекемен құттықтады.

Ұстаздар күніне арнайы ұйымдастырылған ауқымды жиында Президент аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді. Олардың арасында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданынан Роза Салимова да бар.

Бәйдібектік білікті ұстаз Салимова Роза Қуанғалиқызы 2003 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік педагогикалық университетінің орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған. Алғашқы жұмыс жолын 1986 жылы Бәйдібек ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2012 жылдан бастап С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

ПІКІР ЖАЗУ