Бәйдібекте полиция қызметкерлері марапатталды

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Конституция күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға бөлімнің басшылығы мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шараны ашып берген полиция подполковнигі Нұрдәулет Кәмілұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, адам мен адамзаттың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің негізгі заңын құрметтеп сақтауы тиіс. Біз еліміздің ішкі істер органының қызметкерлері Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуына заң аясында ықпал жасаумыз тиіс,-деп өзінің лебізін білдірлі.

Ауданның бас полицейі сөз соңында әрбір отбасына бейбітшілік, бірлік, бақыт және отбасыларына амандық тіледі.

Сондай-ақ атаулы мерекеге орай қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, тәртіп пен заңдылықтың сақталуына зор үлес қосқан 25-тен астам полицейге түрлі марапаттар табыстады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ