Бәйдібекте полицейлер салауатты өмір салтын насихаттады

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жуырда өткен полицейлер мерекесіне арналып барлық аудандық мемлекеттік мекемелер арасында спорттың бірнеше түрінен сайыс өтті.

Шара барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрдаулет Әжібеков барлық мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді мерекелерімен құттықтап, барлық мамандықтың өзіне тән қиындығы мен биіктігі қатар жүретінін жетікзді.

Волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру және суға жүзу секілді спорт түрлерінен  өткен бұл сайыста жалпы командалық есепте Бәйдібек аудандық полиция бөлімі жүлделі бірінші орынға ие болды.

Сонымен қатар бірқатар тәріп сақшыларына елге қызмет етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда көрсеткен қырағылығы үшін аудан әкімінің , мәслихат төрағасының және «AMANAT» партиясы төрағасының атынан Алғыс хаттар табысталды. Достық пен біртұтастықты насихаттаған бұл спорт сайысы барлық мемлекеттік қызметшілердің басын біріктіріп, полиция мамандығына деген құрметті арттыра білді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ