Бәйдібек: «Жарқыра менің жұлдызым» атты ән кеші өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Түркістан облыстық «Шұғылалы таң» қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жарқыра менің жұлдызым» атты ән кеші өтті.

Ән кеште бірінші кезекте қоғамдық қордың негізгі атқарып жатқан жұмыстары бейнебаян арқылы таныстырылды.

Бәйдібек ауданының тұрғындары қайырымдылық кеште өмірге құштар, таланатты, ерекше жандардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан ерекше жандарға қамқорлық жасап, сауабы мол игі істерді ұйымдастырып жүрген қордың төрайымы, жерлесіміз Дана Ормановаға әкімдік пен мәслихаттың құттықтау хаты мен естелік сыйлық табыс етті.

Жерлесіміз, “Шұғылалы таң” қоғамдық қорының құрылтайшысы, Түркістан қаласының құрметті азаматы, облыстық әжелер алқасының орынбасары Дана Орманова кешті ұйымдастырған аудан басшылығына алғысын білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық, демеушілік жасап жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, медалдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

ПІКІР ЖАЗУ