Бәйдібек: уақыт сіздерге емес, сіздер уақытпен жұмыс жасауларыңыз керек

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов «Қапшағай» су қоймасына барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жауаптылармен, мердігермен кездескен аудан әкімі су қойма құрылысының баяу жүріп жатқандығын сынға алды.

– Аудан үшін ғана емес, облыс үшін маңызды стратегиялық нысандағы құрылыстың сапалы жүргізілуі қатаң бақылауда. Істелінетін жұмыстың ауқымы көп. Сағат тоғыздан асты. Әлі жұмысшыларыңыз жұмысты бастамаған. Уақыт Сіздермен емес Сіздер уақытқа тәуелді болып жұмыс жасауларыңыз керек. Ауа райында алдағы күндері жаңбыр. Су қоймадағы қазылған жерлер әлі көмілмеген. Жұмысшы санын көбейтіп, сапалы жұмыс жасау керек деп қатаң ескертті, – аудан әкімі.

Сонымен қатар аудан әкімі Ағыбет ауылындағы құрылысы жүргізіліп жатқан спорт кешінінде болды. Аталған нысанды аралап көріп, мердігер мекемеге  құрылыстың сапасы сын көтермейтінін ескерті. Жауапты бөлімге бақылауға алып, мердігерге кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырды.

Сапар барысында аудан әкімі Ағыбет ауылдық округіндегі Үлкен Шаян өзеніне барды. Аталған өзеннің күз және көктемгі кезеңінде су тасқынының алдын алу жұмыстарын талқылады. Үлкен Шаян өзені арнасының бөгетін реттеу жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандар шақыртып, зерттеу жүргізіп, жобалық сметалық құжаттамасын қайта әзірлеу жөнінде жауаптыларға тапсырма берді. 

ПІКІР ЖАЗУ