Бәйдібек: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысы өтті
Бүгін Бәйдібек ауданы әкімінің жанындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев төрағалық етті.
Аудандағы барлық жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарға МӘМС жүйесі бойынша аударым және жарнаны тұрақты төлету жұмыстарының барысы туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Берік Сұлтабеков хабарлама жасады.
Аудандағы білім беру мекемелеріндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударым, жарнаны тұрақты төлеу бойынша білім бөлімінің бас маманы Айнұр Қалаубаеваның есебі тыңдалды.
Жиынның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша комисия төрағасы және мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Жиын қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы жауапты мекемелер мен ауылдық округі әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.