Бәйдібек: мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде семинар өтті

Бәйдібек ауданы әкімі  аппаратының  ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөнінде семинар өтті.

Аталған семинарға тиісті сала бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін  аудан әкімі аппараты  және оған бағынысты ауылдық ауылдық округі әкімі аппараты мен  дербес бөлімдегі жауапты мамандар қатысты. 

Күн тәртібінде Жер қатынастары, ауылшаруашылығы, әлеуметтік, құрылыс, сәулет және қала құрылысы,  тұрғын үй қатынастары  салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары талаптарының сақталуы жөнінде мәселе қаралды.

Семинар барысында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімдерін сақтау, оның ішінде электрондық нысанда ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері кеңінен талқыланып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ