Бәйдібек: кезектен тыс комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Берік Тұрлыбековтің төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес «Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2023 жылғы 2 қазандағы №01-02/1155 ұсынысы туралы аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Батыр Айтуаров, аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №1341 санды ұсыныс хаты бойынша аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Айнұр Қалаубаева хабарлама жасады.

Жиынды қорытындылаған Берік Нұрғалиұлы аудандық білім бөлімі мен мектепердің жауапты мамандарына тұрмыстық жағдайы төмен от басында тәрбиеленіп жатқан балаларға талдау жасап, өмірлік жағдайы қиын отбасы есебіне енгізу, мектептердегі тәрбие жұмыстары күшейту жөнінде нақты тапсырма жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ