Бәйдібек: Ерлан Нұрмаханов тарихи сәтте дүниеге келген сәби мен ата-анасына құрмет көрсетті

Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылы 16,5 миллион адам өмір сүрсе, араға 32 жыл салып, 2023 жылдың 14 қарашасында қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті. Еліміз бұл тарихи оқиғаны қуанышпен қарсы алуда.

Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов  орталықтағы ауруханаға арнайы барып, 14 қараша күні дүниеге келген сәби мен ата-анасын арнайы құттықтап, құрмет көрсетті.

– Құрметті Қарақат Ержанқызы! Сіздің сәбиіңіз тарихи сәтте дүниеге келіп отыр. Оның үстіне бұл жолдасыңыз Абылайхан екеуіңізді ата-ана атандырып отырған сәби, тұңғыштарыңыз екен. Сізді ана болуыңызбен, ал жолдасыңызды әке болуымен құттықтаймын! Шаңырақтарыңызды қуанышқа бөлеген Әлинұрдың бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын! Қазақта «Балалы үй – базар», – деген сөз бар. Артынан іні-қарындастары ере берсін! Тезірек ер жетіп, Сіздердің қолқанаттарыңыз болуына тілектеспін!, – деді Ерлан Заипұлы.

Жаңадан туылған Әлинұрдың анасы үй шаруасында, әкесі Абылайхан Балғабайұлы Ағыбет ауылдық округіндегі Майбулақ жалпы орта мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушысы болып жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылдың 10 айында аудандық перзентханада мыңға жуық сәби дүниеге келген. Оларға сапалы медициналық көмек көрсетіліп отырады. Әрбір дүиеге келген сәбидің денсаулығы үнемі дәрігерлердің бақылауында.

ПІКІР ЖАЗУ