Бәйдібек аудандық “Жастар ресурстық орталығы” облыс үздігі атанды
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Түркістан жастар премиясы-2023» байқауының марапаттау кеші өтті.
Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсен Дәулетұлы жылдың үздіктерін марапаттады.
– Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы Сіздерге – Сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Биыл облысымызда бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бағдарламаларға 40 172 жас тартылды. Жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт дәстүрлерді дәріптеу мақсатында тек облыс орталығында емес, аудан, қалаларда керемет шаралар өткізіп келесіздер! «Neet» санатындағы жастармен жұмыс істеу бағытында да зор күн жұмсағандарыңыз белгілі. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Бүгінгі марапат алушы барша жастарды шын жүректен құттықтаймын! – деді облыс әкімінің орынбасары
«Түркістан жастар» премиясы бір қатар номинациялармен марапатталып, соның ішінде 17 аудан қаладан оза шауып топ жарған ҮЗДІК “ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ” КММ-СІ номинациясымен Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі марапатталды.
Сонымен қатар «Денсаулық саласының үздік жасы» номинациясымен Мамыртай Ақтолқын (Бәйдібек ауданы) марапатталды.