Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сарсеновтың төрағалық етуімен аудандық прокуратурасының прокуроры Ж.Асқар, аудандық тергеу жөніндегі орынбасары Ж.Ақбердиев және тергеуші мен анықтаушылардың қатысуларымен дөңгелек үстел өтті.

?Іс шарада сот төрағасы М.Сарсенов  «Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысындағы сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану тәжірибесі туралы» қысқаша баяндап өтті.

 ?Төраға қатысушылардың сот ісін жүргізу тілін қолдану тәжірибесі туралы ақпараттарды тыңдап, өндірістегі қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізу барысында ҚР ҚПК-нің 30-бабында Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қазақ тілінде жүргізілетіндігі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылатындығы туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» №13 Нормативтік қаулысындағы талаптар аса назарға алынып, оның бұзылуына жол берілмеуін, сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізу барысында, қылмыстық процеске қатысушыларға қажет болған жағдайда, аудармашы тағайындап, қылмыстық іс материалдарының аудармасын толығымен қамтамасыз етуін атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте гигиеналық құралдар шығарылады

admin

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгеге қатысушы шабандоздар 1000 шақырымдық межені бағындырды

admin

Интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде

admin