Бәйдібек: аудан прокуроры Алмалы ауылдық округіндегі білім беру мекемелерінде оқушылармен кездесті

Бекітілген кестеге сәйкес аудан прокуроры Мәди Байтелиев Алмалы ауылдық округіндегі Ақтау, Қ.Сәтбаев және Л.Өтешов атындағы мектептерінде болып, ұстаздармен және оқушылармен кездесті. Жиында аталған үш мектептің директорлары күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аудан прокуроры Мәди Мұратбекұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Сержан Сағынбаев кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіріп, оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру қазіргі уақытта өзекті мәселе екеніне тоқталды.

Жиында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп оқушылары тарапынан сұрақтар қойылып, қолданыстағы заң аясында жауап берілді. Кездесуде оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар аудан прокуроры Алмалы ауылдық округінің ардагерлер кеңесі мен билер алқасының мүшелерімен және тұрғындармен кездесті. Кездесуде округтегі елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар тарапынан бірқатар өтініштер мен ұсыныс пікірлер айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер аудан прокурорының назарына алынды.

Жиынға аудандық қорғаныс істері бөлімінің, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен мәслихат депутаты, білім бөлімінің мамандары қатысты.

ПІКІР ЖАЗУ