Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: аудан әкімі Бөген ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов түстен кейін Шалдар ауылында Бөген ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Бөгендік тұрғындар тарапынан аудан әкіміне ауылдық округке қарасты елді мекендердегі бірқатар ішкі көшелердегі жолдарды жаңарту, ескірген электр бағаналарын ауыстыру, қосымша трансформатор орнату, көше жарықтарымен қамтамасыз ету, ауыз су, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерін беру мен жайылымдық жер, спорт кешенін салу және әлеуметтік жағдайды көтеру мен өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Аудан әкімі бүгінгі жиында айтылған мәселелерді назарға алып, зерделеуді қажет ететін бірқатар ұсыныстар бойынша жауапты бөлімдерге тапсырмалар жүктеді.

Кездесу жиынында Бөгендік тұрғындармен бұған дейінгі кездесулерде айтылған өтініштер мен ұсыныстардың орындалу бағытындағы атқарылған жұмыстар баяндалды.

Бөген ауылдық округінің тұрғындары Ерлан Заипұлының жұмысына сәттілік тілеп, ел үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Айнатас: су құбырының құрылысы 70%-ға орындалды

admin

ІІМ-де “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

admin

Түркістанда «ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» мерекелік іс-шарасында облыс ұстаздарына құрмет көрсетілді

admin