Бахыт Есимов аудандағы кеңсенің және орталықтың жұмысымен танысты

 Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшысының орынбасары Бахыт Есимова Сарыағаш ауданына арнайы іс сапармен келіп, пилоттық жоба аясында аудан әкімдігі жанындағы «Халықтық кеңсенің» және «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Сарыағаш аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмыс барысымен танысты.
Бірінші болып «Халықтық кеңсеге» табан тіреген Бахыт Есимоваға мұндағы жұмыс барысының жәй күйімен танысты. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нурполат Талипов келген қонақтарға қажетті интернет желісі мен арнайы мамандармен қамтамасыз етілген аудан әкімдігінің жанындағы халықтық кеңсенің жұмысымен таныстырып өтті. Халықтық кеңседе бүгінгі таңда 6 дербес бөлімдердің қызметкерлері тарапынан 67 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультациялық кеңестер беріледі. Сондай-ақ, мұнда басшылар мен орынбасарларының жеке қабылдауларына алдын-ала жазылу, жеке мәселелермен қабылдау және тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.
Сонымен қатар, Бахыт Есимова Сарыағаш аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде болып, ондағы қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізіп қайтты.
Аудандағы көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің барысымен танысқан Бахыт Есимова тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында ешқандай кедергі болмау қажеттігін атап өтті және алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілетінін жеткізді.
Айта кетсек, мемлекеттік қызметтерді көрсету – бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар қызметінің сапасын арттыруға басты назар аударылып келеді.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тегтертанысу

ПІКІР ЖАЗУ