Б.Тәжібаев Бәйдібектегі білім нысандарының жай-күйімен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың Бәйдібекке сапар барысында аудандағы білім нысандарының жай-күйімен танысты. Әуелі  Алғабас ауылындағы Майбұлақ жалпы орта мектебінде де болды. Білім нысанының сыртқы әрлеу жұмыстары, акт залы мен бірқатар сынып бөлмелерін жөндеуден өткізу үшін жоспарға енгізу қажеттігін айтып, жауапты басқарма және бөлімге жүктеді. Жөндеу жүргізіліп жатқан «Айсана» балабақшасының жұмыстарын аралау барысында сала мамандарына сапалы және уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Боралдай ауылдық округіне қарасты О.Тайманов және Н.Арапов атындағы жалпы орта мектептеріндегі жүргізіліп жатқан жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылады.

Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебінің жайлары 1986-1987 жылдары жергілікті халықтың күшімен салынған. Ыңғайластырылған 2 жайдан тұрады. Қосалқы 3-ші жайы 1964 жылы салынған.  Мектепте 7 сынып бөлмесі бар. Бұл бөлмелердің сыйымдылығы сыныптағы оқушыларға қажетті мөлшерден төмен. Негізгі мектепті аралап көрген соң жауапты аудандық және облыстық басқармаға жаңа типтік жобадағы мектеп құрылысын жоспарға енгізу, жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға қаржы қарастыру тапсырылды.

Б.Тәжібаевтың Бәйдібек ауданындағы білім насандарының жай-күйімен танысу барысында аудан әкімі Е.Нұрмаханов бірге жүрді. 

ПІКІР ЖАЗУ