Азаматтарды «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Бүгін жергілікті тұрғындарға заң аясында көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруды көздейтін республикалық “Жолда қабылдау” акциясы полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау кеңсесі алаңында өткізілді.

Аудан тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстардың басым бөлігі жол белгілерін орнату мен шетелдік автокөліктерді уақытша тіркеуге қатысты сауалдар. Сондай-ақ азаматтарға көлік құралдарын қайта жабдықтау, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілді.

Сала мамандары азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

ПІКІР ЖАЗУ