Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ҚоғамТехнология

Азаматтар жеке куәлікке енді «ең әдемі» фотосын таңдай алады

  Жаңа бастамаға алғашқы болып елорда тұрғындары жақын арада қол жеткізеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» тұрғындардың өтінішін ескеріп, жеке бас куәлігіне қажет фото мәселесін шешпек, деп хабарлайды Экспресс К.

Осы кезге дейін Қазақстан азаматтары құжаттардағы фотосуреттеріне көңілі толмай, көп шағым айтатын еді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдардың өзіне қызмет көрсете алатын терминалдар орнатылады.

Олар биометриялық жүйемен әрі түсінікті интерфейспен жабдықталады. Адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, өз бетінше суретке түсіп, көші-қон қызметкеріне фотосуреттің ең жақсы нұсқасын жібере алады,

— деді Сүйеніш Әбділдин.

Оның айтуынша, алғашқы терминалдар Нұр-Сұлтан қаласында болады.

Сәйкес жаңалықтар

Экология или развитие? JANA LEP предложил искать научный баланс при реализации Almaty SuperSki

admin

Шымкент: өнеркәсіп және құрылыс министрі әлеуетті кәсіпорынның жұмысымен танысты

admin

Алматыда жол ақысы қымбаттады

admin