Азаматша тұрғын үй кезегіне қойылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдылық бере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Өз кезегінде, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментіне «Ә» есімді азаматша мемлекетік мекеме тарапынан тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартуына келіспей арызданды. 

Бұл ретте, Департамент арыз негізінде тиісті мемлекеттік мекемеде жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

Анықталғандай, арыз иесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабының 11) тармақшасына сәйкес, толық емес отбасылар халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатады және тұрғын үй кезегіне тұруға құқылы.

Осы тұста, арыз иесі толық емес отбасы санаты бойынша мемлекеттік мекемеге өтініш берген.

Алайда, мекеме тарапынан қызмет көрсетуден бас тарту себептерін нақты көрсетпей, Заңнама талаптарын сақтамай, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Нәтижесінде, Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында Бөлімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті нұсқама енгізді.

Департаментпен қабылданған шаралар нәтижесінде арыз иесі тұрғын үй кезегіне қойылып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ітсері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Серік Бектұрсынұлы ӨМІРЗАХОВ

ПІКІР ЖАЗУ