Автокөліктің ұтыс ойынын заңсыз өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Кентау қалалық соты лотореяны ұйымдастырғаны үшін азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта анықталғандай жергілікті тұрғын ағымдағы жылдың маусым айында “Tik Tok” әлеуметтік желісі арқылы арнайы билеттерді сату арқылы автокөліктің ұтыс ойынын белсенді өткізген.

Билеттерді сату “Kaspi.kz” банкі қосымшасы арқылы ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылған.

Сот қаулысымен азамат Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

ПІКІР ЖАЗУ