Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Автокөліктен банк картасын ұрлаған қаскүнем қолға түсті

Астанада автокөліктен банк картасын ұрлаған қаскүнем қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 22-жастағы жас жігіт банк картасын ұрлады деген арызбен жүгінді. Жедел-тергеу тобы келген кезде аталған факт расталды, оқиға орнын тексеру барысында, белгісіз тұлғаның еркін қол жеткізу арқылы автокөліктен банк картасын ұрлап, материалдық шығын келтіргенін анықтады.

Нұра ауданының қылмыстық полиция қызметкерлері 23 жастағы жас жігітті анықтады. Күдікті үйлердің ауласынан әдейі дабыл құрылғысымен жабдықталмаған автокөліктерді іздеп жүргенін айтты. Сол жақ жағалаудағы тұрғын-үй кешенінің жанынан есігі құлыптанбаған автокөліктің салонына кіріп, ұрлық жасаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында орын алған осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/elordada-avtokolikten-bank-kartasyn-urlaghan-qaskunem-qolgha-tusti/

Сәйкес жаңалықтар

Жолдау: Созақта елді мекендердің ішкі жолдары жаңарып, инфрақұрылым сапасы келеді

admin

Түркістан облысында “екпе салынды” деп жалған құжат жасатылған

admin

Шетелдік көліктерді заңдастыру: сall-орталық іске қосылды

admin