Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Бүгін Ленгір қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде аудан кәсіпкерлері өз өнімдерін базар бағасынан төмен ұсынды. Таңсәріден өз жұмысын бастап кеткен кәсіпкерлер бұл жолы да тұтунышыны сапалы өніммен қамтамасыз етті. Айта кетерлігі, жалпы көлемде 50 тоннадай тауар сатылымға шығарылды.Таңертеңгі уақыттан жәрмеңкеге ағылған жұртшылық түске дейін арзан өнімдерді алды. Ет өнімдері мен көкөністер, жемістер үлкен сұранысқа ие болды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі