Аудандық сотта «Ашық есік» күні өткізілді

Шардара аудандық сотында жоғарғы сынып мектеп оқушыларына ашық есіктер күні өткізілді.

Іс-шараға аудандық сот әкімшісінің басшысы А.Қонарбаев, мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысты.

Ашық есік күні шеңберінде А.Қонарбаев сот ғимаратына экскурсия жасап, соттардың негізгі қызметі мен цифрландыру жұмыстарымен таныстырып, оқушыларды сот процессіне қатыстырды.

Сонымен қатар, соттардағы мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және одан әрі судья лауазымына орналасу үшін Сот төрелігі академиясына түсу тәртіптерін түсіндірді.

Оқушылар сот жұмысына қызығушылық танытып, туындаған сұрақтарына жауаптарын ала-алды.

ПІКІР ЖАЗУ