Ауданда рейдтік іс-шараларды күшейтуді тапсырды
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде 2024 жылғы 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды жедел кеңесі өткізілді. Кеңеске аудан әкімі Азизхан Исмаилов және тиісті бөлім басшылары мен аудандық полиция қызметкерлері қатысты.
Шара барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Серікбаев баяндама жасап, тоғыз ай көлемінда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Атап айтқанда Қазығұрт ауданында 2024 жылдың 9 ай көлемінде былтырғы жылмен салыстырғанда -17,2 пайызға төмендеген.
Осыған орай полиция подполковнигі Алмас Серікбаев жеке құрамның атқарған жұмысына баға беріп, алдағы уақытта атқарылатын бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Сонымен қатар, аудан көлемінде қылмысты болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүргізу деңгейін өсіріп, тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуді күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі