Аудан көлемінде «Борышкер» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Құрметті Созақ ауданының тұрғындары, 2024 жылдың қыркүйек айының 24-30 күндері аралығында Облыс көлемінде «Борышкер» ЖПІШ-сы өтуде. Іс шара мақсаты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру.

Осы іс шара барысында Созақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері мен Жергілікті Сот орындаушылар бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Сот орындаушылары айыппұлдарын ерікті түрде төлеуден жалтарып жүрген борышкердерді арнайы қаулымен таныстырып, айыппұлын мәжбүрлі түрде өндіру мәселелерін қарастырды.

Аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100 %-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында Сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы ескертеміз.

Айыппұлдар бойынша қосымша ақпараттарды Созақ АПБ ӘПБ-нен біле аласыздар.

(С) Созақ аудандық полиция бөлімі!!!

ПІКІР ЖАЗУ