Аудан көлемінде «Борышкер» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қазығұрт ауданы аумағында ағымдағы жылдың 20-24 тамыз аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – аудан көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды ерікті түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын жандандыру, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Шара барысында жеке сот орындаушыларымен бірлескен жұмыстар атқарып, әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, олардан салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан тұрғындарының назарына!

Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтерді Қазығұрт АПБ ӘПБ-нен біле алатындарыңызды хабарлаймыз.

ПІКІР ЖАЗУ