Аудан аумағында сапалы жолдар саны артады
Жол – экономиканың күре тамыры болып саналады. Себебі, жол қатынасы аудан әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды салалардың біріне айналды. Жол арқылы жолаушылар тасымалын жақсартып қана қоймай, жүк тасымалын ұлғайту арқылы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беріледі.
Тақтайдай теп-тегіс жол елді мекеннің сәні ғана емес, кез-келген көлік жүргізушінің арманы. Жол машақатын тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де тартып келеді. Сондықтан, «Жол қадірін жүрген біледі» деген мақал бекер айтылмаса керек.
Бүгінгі күні аудан жұртшылығы мен қонақтары діттеген жеріне қиналмай жетіп алуы үшін жолдарды жөндеу жұмыстар қолға алынды. Нәтижесінде, Төлеби ауданында ішкі көшелерінің қанағаттанарлық пайызын 73-ден 75,8 пайызға жеткізу жоспарлануда. Жалпы, аудан көлемінде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1084,0 шақырымды құрайды. Оның ішінде;
– облыстық маңызы бар жолдар-259,84 шқ, қанағатты–88,7 %;
– аудандық маңызы бар жолдар-144,05 шқ, қанағатты–87,4 %;
– елді мекеннің ішкі көшелері–680,1 шқ, қанағатты–73,0 %.
Биылғы жылы аудан бюджеті есебінен қаржы қарастырылып, елді мекендердегі 21 көшенің 38,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Қаратөбе елді мекеніндегі С.Абдулла көшесін 4,063 шақырымы, Қасқасу елді мекеніндегі Көктөбе көшесінің 1,85 шақырымы, Момынай елді мекеніндегі Ақтас көшесінің 5,6 шақырымы, Қасқасу елді мекеніндегі Тастақ көшесінің 2,30 шақырым жолы жөнделуде.
Киелітас елді мекеніндегі Алмалы көшесін 1,45 шақырым және Бірлік көшесін 0,70 шақырымы, Әңгірата елді мекеніндегі Дегерез көшесінің 1,05 шақырым жолы, Әңгірата елді мекеніндегі Жастар көшесіннің 1,7 шақырымы, Аққұм елді мекеніндегі Ащы көшесінің 1,1 шақырым жолы, Нысанбек елді мекеніндегі Ордаган көшесінің 1,1 шақырым жолы, Қосағаш елді мекеніндегі С.Әбдікерім көшесінің 0,7 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Зағамбар елді мекеніндегі Түркістан көшесінің 0,9 шақырым жолы, Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі Сырғанақты көшесінің 2,4 шақырымы, Ленгір-Аққұм бағытындағы автомобиль жолын 0,2 шақырымы, Зертас елді мекеніндегі Жаңақұрылыс-2 және Жаңақұрылыс-3 көшесінің 0,9 шақырымы жөнделуде.
Ленгір қаласының С.Сәулембаев көшесінің 3,5 шақырым және Таскешу көшесінің 0,6 шақырымы, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Б.Рүстемов көшесінің 0,5 шақырымы, Ленгір қаласының Астана көшесінің 3,1 шақырымы Зертас елді мекеніндегі Сатпаев көшесінің 1,4 шақырымы, Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан көшесінің 0,8 шақырымы, Тағайна елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 2,1 шақырымы, Бәйтерек көшесінің 1,1 шақырым, Ақпейіл көшесінің 0,6 шақырым, Ақжол көшесінің 0,3 шақырым жолын жөндеуге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, республикалық және облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар 2,6 шақырым Ақбастау-Әңгірата жолын орташа жөндеуге қаржы қарастырылды.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі.