Аудан әкімі Машат және Арыс ауылдық округтерінде VI тоқсанды қорытындылады

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың биылғы жылға жоспарлаған соңғы есептік кездесулері Машат және Арыс ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Жалпы үш тоқсанның қорытындысымен Машат ауылдық округінде тұрғындар тарапынан 12 мәселе көтеріліп(ауыз су, ағын су, жол, көше жарығы, медицина саласы), соның маңыздылығына қарай кезек күттірмейтін 7 орындау алдағы жылдың жоспарына еңгізілген. 2 мәселеге 2023-2024 жылдардың бюджетінен қаржы қарастырып, жүзеге асыру жоспарланса, 3 мәселе бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілмек. 

2022 жылы Машат ауылдық округінде тұрғындар тарапынан көтеріліп, жүзеге асқан жұмыстар:

  • Еңбек ауылы, Уалиханов көшесі, Еңбекші ауылы, Қайсенов көшесі, Қызылбастау ауылы, Қалдарбеков көшесін жарықтандыру жұмыстары бастау алды. Аталған жұмыстар келесі жылға өтпелі;
  • Машат және Мыңбай ауылдарының ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына қажетті ЖСҚ не мемлекеттік сараптамасына қаржы бөлінді;

2023 жылы атқарылатын жұмыс жоспары:

  • Еңбекші ауылы Анарбай, Қайсенов көшелері, Еңбек ауылы Рысқұлов көшесі, Мыңбай ауылы Арыс көшесін орташа жөндеу жұмыстары;
  • Еңбек ауылы Қажымұқан, Рысқұлов көшелерін, Машат ауылы Баймаханов көшесін, Мыңбай ауылы Гагарин көшесін жарықтандыру жұмыстары;
  • Еңбекші ауылы Қайсенов және Қажымұқан көшелерін ауыз су құбырын жөндеу жұмысы жоспарлануда. 

Арыс ауылдық округіне келетін болсақ, жалпы жыл басынан бергі кездесулерде 15 мәселе көтерілген(ауыз су, ағын су, жол, көше жарығы, құжаттарды рәсімдеу, көпір салу, жайылым жердің аумағын арттыру, медицина саласы). Соның 1-і бүгінгі таңда орындалса, 3-і жыл соңына дейін шешімін табатын болады. 4 мәселе келесі жылдың жоспарына еңгізіліп, 4 мәселені орындау мақсатында  2023-2024 жылдарға қаржы қарастыру жоспарланып отыр. 1 мәселе бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілмек.  

2022 жылы Арыс ауылдық округінде тұрғындар тарапынан көтеріліп, жүзеге асқан жұмыстар

  • Мақталы ауылы, Мұратбаев көшесін жарықтандыру жұмыстары бастау алды. Нысан 2023 жылға өтпелі.
  • Керейт ауылы, Ж.Әсілбекұлы көшесіне лоток орнату жұмыстары жүргізілді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ