Аудан әкімі кемербастаулықтармен кездесті
Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың халық алдындағы есептік кездесуі Кемербастау ауылдық округінде жалғасын тапты.
Төрт жарым мыңнан астам тұрғыны бар округте осы есепті кезеңге дейін көтеріліп келген Майлыкент ауылының көшелерін орташа жөндеуден өткізу, Елтай ауылына қарасты Кенжебаев көшесін тегістеп, тас төсеу және Жәрімбетов ауылына қосымша су ұнғымасын қазып, мұнара және трансформатор орнату жұмыстары жүргізілді.
Басқосуда аудан әкімі өткен есептік кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, Ел Президентінің халыққа Жолдауындағы басым бағыттарды кеңінен тарқатып, іске асып жатқан реформаларды қамтып өтті.
Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде тұрғындар көкейлерінде жүрген медицина жол қауіпсіздігі және интернет мәселесі бойынша өтініш-ұсыныстарын білдірді.
Көтерілген барлық мәселе алдағы жұмыс жоспарына енгізіліп, салалық бөлімдер мен мекемелер тарапынан тиісті шаралар атқарылатының аудан басшысы жеткізді.
Түлкібас аудыны әкімдігінің баспасөз қызметі