Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап, иықтарына шапан жауып, орамал тақты.
Шолаққорған ауылында тұратын Дадабеков Мами атамыз 1931 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы совхозда қызмет жасап, бес ұл,үш қыз тәрбиелеп өсіріп, 22 немере, 12 шөбере көріп отырған қазыналы қария. Махажанова Бәтжан апа алты ұл,төрт қыз тәрбиелеп өсірген-Батыр ана. Қазіргі таңда 32 немере, 38 шөбере, 7 шөпшегінің ортасында ғұмыр кешіп отырған бақытты әже.
Арнайы ат басын бұрған аудан басшылығына ризашылығы білдірді. Елдің амандығы, халықтың бірлігінен артық ештеңе жоқ дейді, қариялар.

ПІКІР ЖАЗУ