Аудан әкімі ІІІ тоқсандағы халық алдындағы есептік кездесуін түйіндеді

 

Бүгін аудан әкімі ІІІ-тоқсандағы халық алдындағы есептік кездесуін аудан орталығы Майлыкент ауылдық округінде түйіндеді.

Дәстүрлі халықпен кездесуді аудан әкімі Нұрлан Байғұт Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттаудан бастады. Аудан басшысы маңызды құжаттың 5 негізгі бағытына жеке-жеке тоқталып, онда айтылған реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Нұрлан Мархабатұлы аудан және округ кесіндісінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің іске асу барысын баяндап, алдағы жұмыс жоспарды қамтып өтті.

Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өткен басқосуда тұрғындар тарапынан ағын су, ауыз су, әлеуметтік дүкеннің жұмысын жандандыру, аудандық “Қоғамдық кеңесте” көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, бөлімдердің әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнатуы, Көкжайлау мөлтек ауданына ойын алаңшасын соғу, Пушкин-Бағысбаев көшелерінің қиылысындағы тұрғын-үй алқабына қатысты біршама мәселелер көтерілді.

Аудан басшысы бар мәселені өзіне түртіп алып, Заң талаптарына сай жауап берді. Барлық айтылған өтініш-ұсыныстар алдағы жұмыс жоспарына еніп, шешімін тапқанша бақылауда тұратындығын жеткізді.

Жиыннан соң аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Ол жерде тұрғындар тарапынан жұмысқа орналасу, Заңсыз құрылыс, ауыз су, мелекеттен қайтарымсыз грант алу сынды мәселелермен аудан әкіміне жүгініп, тиісті жауаптарын алды. Арнайы уақыт пен қаржыны талап ететін мәселер бойынша Нұрлан Мархабатұлы тиісті орынбасары мен бөлім басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, біршама көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топтарға тиісті шаралар атқаруды тапсырды.

Тұрғындар тарапынан көтеріліп, биылғы жылы іске асатын жобалар

Т.Рысқұлов ауылы, “Бақыбек” мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектептің құрылысына қаржы бөлінді.

Т.Рысқұлов ауылы «Бақыбек» м/а дамуына берілген 80,0 га жер телімінің инженерлік инфрақұрылым құрылысының электр желісі, су желісі және кәріз жүйесі жұмыстары жалғасуда.

Т.Рысқұлов ауылына ұңғыма қазу, трансформатор және су мұнарасын орнату жұмыстары;

Т.Рысқұлов ауылы,Көкжайлау м/а және Алатау көшесіне қосымша ауыз су құбыр жүйелерін жүргізу жұмыстары; Электр қуатымен қамтамасыз ету:

Т.Рысқұлов ауылы, Грицинин, Досалиев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары;

Қарағашты ауылы, Тазабеков көшесін 0,4 кВ электр қутымен қамтамасыз етуді ағымдағы жөндеу жұмыстары;

Т.Рысқұлов ауылы, Сейдалиев, Досалиев, Грицинин, Пушкин көшелеріне электр қуатын салу және трансформатор орнату жұмыстары;

Қарағашты ауылы, Төле би, Тазабеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ